Білім ордасында қамқоршылық кеңес жұмысы белсенді жұмыс жасауда.
Келес ауданы білім бөліміне қарасты
N25 С.Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде 09.01.2024ж. күні қамқоршылық кеңес отырысы болып өтті.
Білім ұйымында атқарылған жұмыстар туралы есеп берген мектеп директоры Былхиева Гулжамал Бахтияровна қамқоршылық кеңестің мектеп өміріндегі маңыздылығын атап өтті, сонымен қатар кеңес құрамына бірінші жарты жылдықта атқарылған жұмыстар туралы есеп берді, соның ішінде мектептің жылу жүйесі, бастауыш ғимаратының құрылысына мектебіміздің қамқоршылық кеңестің мүшелері мен қоса бақылау жүргізді. Бақылау барысында құрылысы аяқталған, оқу құралдары мен жабдықтары жеткізілген, жұмысшылар тиісті жұмыстарын атқарып жатқандығы бақыланды. Үштік одақ жұмысы ,бес терек жобасы <pstyle="text-align: justify;"> бойынша ,құқық бұзушылықтың алдын алу жайлы жұмыстарда қамтылды.Сөз соңында алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар айтылып ,қамқоршылық кеңес төрағасы Е.Қуанышбаев мырза оң бағасын беріп, жақсы тілектерін білдірді.