05 Сәу 2024
Жетістіктер

09.02.2024ж. күні ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 93 жыл толуына орай «М.Мақатаев оқулары» байқауының аудандық кезеңі ұйымдастырылып өтікізілді

09.02.2024ж. күні ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 93 жыл толуына орай Келес ауданының білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес №1 О.Есімов атындағы жалпы білім беретін мектебінің базасында 7-11 сынып оқушылары арасында республикалық «М.Мақатаев оқулары» байқауының аудандық кезеңі ұйымдастырылып өтікізілді.

Байқау үш бағытта өткізіліп, «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды» атты үшінші бағытта үміткерлер ақынға жазып келген арнауын мәнерлеп оқыды. Сонымен қатар, өздері жазған төл шығармаларын, кітапша, өлеңдер жинағын жыр сүйер қауымға ұсынды. Қазылардың шешімімен белгіленген уақыт ішінде өлең құрастырып, поэзияға деген талғамы жоғары екендігін көрсете білген мектебіміздің 10 "А" сынып оқушысы Омар Шахризада бас жүлдеге ие болып, облыстық кезеңге жолдама алды. Жетекшісі Беккулова Феруза апайымыз.

Алдағы кезеңге тек қана сәттілік тілейміз!

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар