№25 " С. Сейфуллин" атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сыныптар бойынша 2023-2024 оқу жылының жұмыс жоспарына сәйкес 2"в" сынып жетекшісі Утелова Жадыра апайымыз "Ұлттық рух - Тәуелсіздік тірегі!" (Жеткіншектің Жеті Жарғысы Жобасы) атты тақырыбында ашық тәрбие сағатын жоғары деңгейде өткізді.
Мақсаты:
1.Оқушыларға еліміздің қысқаша тарихы туралы мағлұмат беру. Өткен тарихымызға деген ұлттық қалыптастыру және Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін түсіндіру.
2.Оқушыларды Отанды сүюге тәрбиелеу, туған елін, жерін қорғау әрбір азаматтың міндеті екенін білгізу және ұлттық педагогика негізінде тәрбиелеу.
3.Оқушылардың ой-өрісін дамытып, білім деңгейін көтеру, шығармашылық ізденісін қалыптастыру, белгілі бір пікір айтуға, тұжырым жасатуға үйрету, патриотизм сезімін қалыптастыру .