09.01.2024ж.күні мектебіміздің акт залында қыздар жиналысы болып өтті. Жиналыс барысында қыз бала қандай болу керек, жалпы мектепішілік тәртіп, мектеп формасы, инабаттылық, кішіпейілділік сияқты тақырыптар талқыланып, қыздар төрайымы Қосбаева Назерке "Қыздар қандай болуы керек?" тақырыбында баяндама оқыды. Сенім жәшігі және сенім телефондары жайлы айтылды. Мектеп директоры Г.Былхиева көптеген толғандырып жүрген мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, ой бөлісті. Мектебіміздің педагог - психологы Кожасова Динара апайымыз "Ерте жүктіліктің, жасөспірім қыздардың денсаулығына зияны" тақырыбында баяндама оқыды. Қыздар өз пікірлерімен бөлісе отырды. Мақсаты: ерте жүктіліктің алдын-алу, қыздардың бойына имандылық, инабаттылықпен қазақи тәлім-тәрбие қалыптастыру.
10 Қаң 2024
Жаңалықтар
09.01.2024ж.күні мектебіміздің акт залында қыздар жиналысы болып өтті

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар